15 сен 2020
Новости ош

2017 ЖЫЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 10 БАЛАБАҚША МЕН 10 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2017 жылы өңірде 11 балабақша мен 14 мектеп құрылысы басталды. Олардың көп бөлігін осы жылы пайдалануға береді, деп хабарлайды Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары Мерей Жантуреевтің хабарлауынша, қазіргі уақытта 11 балабақша мен 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 10 балабақша мен 10 мектеп 2017 жылы пайдалануға беріледі. Балабақшалар құрылысына 6 млрд 579 млн теңге бөлінсе, ал мектеп құрылысына 8 миллиард 82 миллион теңге кетті. Балабақша мен мектеп құрылысы жергілікті бюджет есебінен және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдар есебінен салынып жатыр.

— Бұл жоспарланған мерзімі аяқталған құрылыс, медігерлер нысанды дәл уақытында тапсыруды көздеп отыр, десекте жұмыс сапасында ұмытқан емес,- деді Жантуреев. — Балабақшалар мен мектептер, барлық аудандарда облыстың дамыту жоспарына сәйкес салынып жатыр.

2017 жылы 2335 орынды 10 балабақша және 2622 орынды 10 мектеп-Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Махамбет және Исатай аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында пайдалануға беру жоспарда бар. Айта кететің жәйт 2016 жылы 6 балабақша мен 2 мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, облыстың әртүрлі аудандарында және Атырау қаласында 37 балабақша мен 20 мектеп құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Бұдан басқа, Жантуреевтің айтуы бойынша, қазіргі уақытта құрылыс басқармасы, сауықтыру лагерлері балалардың қыста және жазда да дем алуға мүмкіншілік беретін екі демалыс орындары үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда.