20 Сәу 2022
Материал С.Датов

1 сыныпқа қабылдау

Ата-аналар назарына!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы

24 маусымдағы № 264 бұйрығы.

 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

 

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

         Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

         "9-1.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл:

  1. көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
  2. бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.

 

  • Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
  • Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталып,1 тамызға дейін жалғасады.
  • Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады
    ✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); Ата-ананың ЭЦҚ кілті міндетті түрде
    ✅  Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    ✅ " Бала денсаулығы паспорты";
    ✅  3×4 көлемінде 2 фото.
  • Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

 

Жауапты маман:

          Ш.Сәрсенғалиева

         Тел: 87023098178