06.02 күні «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыбында қамқорлық шарасы мектептің әлеуметтік педагогі,психологі және өзін – өзі тану пән мұғалімі Иманшиева Г бірігіп өткізілді.Шараның басты мақсаты: балаларға қамқорлық жасай отырып, өзіміздің жүрегіміздің мейірімімізді ұсыну.
Бұл шараны мектеп директоры ашып,өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.
«Балаларға қамқорлығымызды аямайық,оларды аялай білейік» деген ізгі ниетпен мектептің аз қамтылған жанұяның балаларына ауыл кәсіпкерлері қайырымды,жүрегі кең жандар оқу-құралдарымен,киім-кешектермен қамтыды, мектеп оқушылары белсене араласты.
Шара барысында мектеп өнерпаздарының көмегімен концерттік бағдарлама қойылды.
Риза болған ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп сөз сөйледі.
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/639-%C2%AB%D0%BC%D0%B5%D0%B9%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96-%D0%B6%D2%AF%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80-%D1%8B%D0%BD%D1%82%D1%8B%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%93%D1%8B%C2%BB.html#sigFreeId691b5ac411