№26 С.Датов атындағы орта мектепте 2020 жылы, 17 қаңтар күні «Белсенді сабақ-табысты сабақтың алғы шарты»тақырыбында мектепішілік семинар өтті.Семинардың мақсаты:
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық тәжірибені жетілдіру, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі.
Семинарда тәжірибелі мұғалімдер ашық сабақтар берді.
Қазақ тілі пән мұғалімі Э.Шурентаеваның 8 «Б»-сыныбындағы қазақ әдебиеті сабағы. Сабақтың тақырыбы: «Бақытсыз Жамал»
.
Бастауыш сынып мұғалімі А.Имашованың 3 «Б»-сыныбындағы «Әнет баба өсиеті»тақырыбындағы сабағы.
Математика пән мұғалімі Ахмурзина Алтынның 5 «В»-сыныбындағы
«Ондық бөлшектер» тақырыбындағы сабағы.
Физика пән мұғалімі Бейсова Айнагүлдің 7 «Б»-сыныбындағы «Қатты дененің қысымы»тақырыбындағы сабағы.
Орыс тілі пән мұғалімі А.Халелованың 7 «Б»-сыныбындағы «Рождество»тақырыбындағы сабағы.
Химия пән мұғалімі А.Джумагалиеваның 10 «Б»-сыныбындағы «Гальваникалық элементтер»тақырыбындағы сабағы.
Семинар соңында кері байланыс берілді.
Орындаған: К.Бекежанова
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/675-%D1%85%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%B01.html#sigFreeIdafd3d53e0c