№26 Сырым Датов атындағы орта мектебінің «Жас мамандар-болашақ кәсіби шеберлер» бірлестігінде 25 қыркүйек 2021 жылы «Жас келсе іске..» тақырыбында тренинг өтті.Тренингке жас мамандар және тәлімгерлер қатысты.
Мақсаты: Педагогтардың көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Әдістемелік көмек, қолдау көрсету.
Жас мамандар жетекшісі Гүлмира Жұмалина жас мамандарды ортаға шақырып, алдағы қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін ұстаздық жолдарына сәттілік тіледі.
1 .Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау, танысу).Шарларда әртүрлі адам мінездері мен қасиеттері жазылған. Осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын танысып , әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін және болашақтағы мақсатын айта кетті.
- Проактивті педагог-2021 жас мамандар марафонынына қатысып, өз қоржындарына қандай көмек алғанын ортаға салған жас мамандардың пікірі тыңдалды.
«Мұғалімнің эмоционалды интелектісі» тақырыбында Жақсыбай Айгерім Қайратқызы
«Педагог әдебі мен имиджі» тақырыбында Жасмагамбетова Фаруза Рашидовна баяндады.
ҚМЖ құра білеміз бе? Жас мамандарға қысқа мерзімді жоспар құру туралы түсіндірілді, сабақта пайдаланатын белсенді әдістер, саралаудың жеті тәсілі және оны сабақтың қай кезеңдерінде орынды пайдалануға болатыны туралы түсінік берілді.
Жас мамандармен бірлесе отырып, «Идеал мұғалім қандай болу керек?» деген тақырыпта ой қозғалып, жас мамандарға ақыл-кеңес берілді. Тренинг барысында «Хор» ширату ойындары өтілді. Соңында жас мамандармен кері байланыс жасалып, тренингтен алған әсерлері мен әдістемелік көмектің қажеттілігі туралы айтылды.
Жас мамандар жетекшісі: Жұмалина Г.А