02 Қар 2021
Жаңалықтар

«Химия, биология,география пәндерін оқыту жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болды

№26 С.Датов атындағы орта мектебінде 2021 жылы, 8 қазан күні химия, биология,география пәндері бірлестігінде «Химия, биология,география пәндерін  оқыту жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болды. Мақсаты оқушылардың танымдық  қажеттіліктерін қанағаттандыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру  және болашақ кәсіби қызметіне бейімдеу.Семинарда пән мұғалімдері толықтай қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-зерттеуші А.Жолдығалиева мен А.Джумагалиеваның «STEM»технологиясымен өткізген «Наурыздың денатурасы» тақырыбындағы бірлескен дәстүрлі сабағы ерекше болды. Мектебіміздің алғашқы түлегі, қазіргі таңда Атырау облыстық аураханасының 1 категориялы невропотолог дәрігер Нұрсауле Беркінқызы болашақ медицина саласын таңдап отырған оқушыларға видео сәлемдеме жіберіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Педагог-сарапшы Айдаралиева Айжамал, жас маман Есжанова Зәмзәм да сабақтарына АКТ құзыреттілігін тиімді пайдалана отырып өткізді. Сисенова Маут өз сабағында оқушыларға тиімді кері байланыс бере білді.