Хабарлама
Қазан айының 11-нен бастап Математика, Физика, Информатика пәндері бірлестігінде "Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу" тақырыбында апталық болып өтті. Мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Педагог-зерттеуші Алтын Нигметоллаевна 7 в сыныбына геометрия пәнінен «Вертикаль және сыбайлас бұрыштар» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Топтық жұмыс жасалды. Оқушылар оқулықтан, қосымша материалдардан қызықты, оқушылардың функционалдық құзіреті дамытуға арналған тапсырмалар орындады.
Математика пән мұғалімдері Маншук Болтасовна мен Фаруза Рашидовна 9 сыныптар арасында «Математикалық КВЕСТ» атты тәрбиелік шара өткізді. Тәрбиелік шарада әр бала логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бұл байқауда үздік шыққан топ арнайы грамоталармен марапатталды.
Физика пән мұғалімдері Куляш Жылқышықызы мен Айнагүл Амангелдіқызы 7 сыныптар арасында «Таңғажайып алаңы» атты тәрбиелік шара өткізді. Іс-шара оқытудың жаға формат негізінде жүргізілді. Сайысқа қатысқан оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді, пәнге деген қызығушылықтары артты.
Информатика пән мұғалімдері Жаннат Сарсембаевна мен Эльмира Каскинбаевна 8 сыныптар арасында «Информатика білгірлері» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.