10 Қар 2021
Жаңалықтар

Атырау қаласы, №26 Сырым Датов ат.орта мектеп апталық қазақ тілі

Хабарлама

Халықаралық Тілдер мерекесіне орай «Тілім- тірегім» атты апталық жоспарлы ұйымдастырылып, қазақ тілі, әдебиеті мұғалімдері өзіне тиісті шараларды жоғары деңгейде өткізіп, оқушыларды елге, Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтерін арттыра отырып, Тіл жанашыры болар нағыз тұлға болып қалыптасуына жаңа бағыттағы іс- шаралар жоспарлы өткізілді, соның ішінде 10- сын. арасында Э.Шурентаеваның ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл рухани байыта ма, әлде?» тақырыбында дебат өзіндік өзектілігімен ерекшелінді. «Тіл буынсыз, ой түпсіз» тақырыбында Г.Қайсағалиева мен А.Садақтың бірлесіп 5-6 сын. оқушыларымен пікір алмасу сағаты болып өтті. Шараның мақсаты – ана тіліміздің мәртебесін нығайтып, оқушылардың тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, «буккросинг», «буктрейлер» түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушылар белсенділігін арттыру. Балалар өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін кіргізді.

М. Абулхаированың 11 «А» сынып оқушылары өздерінің ұйымдастыруымен «Асыл сөз-ойдың өрнегі» атты тәрбиелік шара өткізді Оқушылар тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған үлгілі ойлар,тұжырымдарды мысал ретінде айта отырып, өздері де тілдерін дамытуға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік алды.Оқушылардың таным -түсінігін дамытудаатқарылған іс –шаралар құндылығы мол,тәлім- тәрбиелілігі мол шаралар болды.

Г. Саликованың арнайы 5г –сыныбымен «Тілім менің –тірлігімнің айғағы» атауымен әдеби монтаж өткізілді.

Тәрбиелік шара туралы республикалық «Ұстаздық еңбек» газетінде жарияланды.Сондай-ақ, қыркүйек айында 5 «б» сыныбының оқушысы Кәусар Лесованың «Менің сөз әлемім» атты шығармасы «Ұстаздық еңбек» газетінің кезекті санында жарыққа шықты.

Сонымен қатар  «Жарқын болашақ» республикалық  басылымға Э.Шурентаеваның  сабағы жарияланып , басылымға шықты.

12 қазанда 7 «г» сынып оқушысы Нұрыш Райымбек қалалық Махамбет оқуларына ZOOM платформасында қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.Жетекші: Г.Қайсағалиева

Және де кезекті «Ұлы арман» айдары бойынша 10- сынып оқушысы Байбала Ақнұр 3- жүлделі  орын иеленді. ( «Ұлы Махамбет бабама» арнау- өлеңін шығарып, өзінің шығармашылық туындыларын ұсынды)  Жетекшісі: Э.Шурентаева

15 қазанда драматург, жазушы Рақымжан Отарбаевтың туған күніне орай, Ақжар аудандық мәдениет үйімен байланыса отырып, мектеп мұғалімдері Э.Шурентаева мен Г.Қайсағалиева және 10 – сынып оқушыларының бірлесіп ұйымдастырған «Айна -ғұмыр» пьесасын талдауда әдеби шарасы өткізілді. Аталған шарада оқушылар жазушы шығармаларын талдай отырып, ондағы көтерілген мәселені өмірмен байланыстыра білді. Мақсаты – Рақымжан Отарбаев шығармашылығын кеңінен насихаттап, автор идеясын оқырман қауымға таныту. Оқушылардың  кітап оқуға құштарлығын ояту, рухани баюға ықпал ету.

Оқушылар арасындағы бәйге

Биыл  қазақтың маңдайына біткен әдебиет зерттеуші ғалымы, қоғам қайраткері, түркітанушы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Осы мерейтой қарсаңында еліміздегі әр білім ордаларында айтулы шаралар мен жарыстар көрініс табуда. Осыған орай №26 С.Датов атындағы орта мектепте де бірқатар шаралар болып өтті. Соның бірі 7 сынып оқушыларының арасында өткізілген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны. Бұл интеллектуалдық ойынының мақсаты оқушылардың білімін шыңдау, Алаш қайраткері Ахмет туралы білімдерін ортаға салу, оқушылардың бойында бар ынтасын, қабілет қарымын анықтау болатын. Жарысқа белсене қатысқан оқушылар да өз білімдерін ортаға салып әр бөлім бойынша қойылған сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Білімпаз шәкірттеріміздің Ахметтің өмірбаяны мен шығармашылығын жоғары деңгейде меңгергендігі де көңіл қуантты. Төрелік еткен әділқазы алқалары да шәкірттерге өз ризашылығын білдірді. Ойынның қорытындысы ретінде ІІІ орынды Аңсаған Алина, ІІ орынды иемденген Ұзақбайқызы Назерке, ал көш бастап жеңіске лайық болған Талғат Аймауыт І орынды иемденді. Ойында белсенді болып, жақсы ойын дәрежесін көрсеткен Сана Аянат пен Аманқұл Назерке арнайы дипломдармен марапатталды. Мектепішілік өткізілген бұл жарыста білім ордамыздың оқушылары әліде болса талай биіктерді бағындырар жасампаз жан-жақтылықтарын дәлелдеді. Ұлы тұлғаларымыздың шығармашылығын ұмыттырмай, оқушылар арасында өткізілетін мұндай шаралар әлі де болса жалғасын табады деп сенеміз.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-8-сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынов - әлем мойындаған ғалым»таным сағаты өткізілді.  Онда оқушылар А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстырып, шығармаларын жатқа оқыды.

Оқушылар арасындағы бәйге