03 Желт 2021
Жаңалықтар

Атырау қаласы, С.Датов атындағы орта мектеп №26 Бейнесабақ

Хабарлама

 

№26 С.Датов атындағы орта мектебінде 27 қараша күні «Тәуелсіздікке тарту» атты сырттай бейнесабақ байқауы өтті. Мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ елінің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін дәріптеуге құрылған оқытудағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалана отырып, аталған пәндер бойынша түсірілген үздік бейнесабақтарды іріктеу. ҚР виртуалды білім беру кеңестігінде үздік бейнесабақтар банкін құру. Байқауға математика пән мұғалімі Мұратова Динара Мағжанқызы, Садешова Айымгүл, биология пән мұғалімі Есжанова Зәмзәм, тарих мұғалімі Ибрашова Жадыра, бастауыш сынып мұғалімдері Жанғалиева Айнұр, Жанар Елеуова, орыс тілінен Камшат Нигметова, дене тәрбиесі мұғалімі Салменов Берік, өзін-өзі тану мұғалімі Иманшиева Гүлнұр қатысты.