06 Желт 2021
Жаңалықтар

№26 С.Датов атындағы орта мектепте 15- 20 қараша аралығында бастауыш сыныпта "Білім басы бастауыштан қаланар, білімменен әлемге жол салынар"тақырыбында апталығы болып өтті.

№26 С.Датов атындағы орта мектепте 15- 20 қараша аралығында  бастауыш сыныпта "Білім басы бастауыштан қаланар, білімменен әлемге  жол салынар"тақырыбында апталығы болып өтті.

        Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын   азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Осы бағытты жүзеге асыруда «бастауыш» сыныптардың алар орны ерекше деп білеміз. Білім мен дағдының іргетасы қаланар кезеңі де осы бастауыш сыныптарында еді.

Мақсаты:
• Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу;
• Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
• Білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту;                                                                                                          

• Тәуелсіздік жетістіктерін білу;

Педагог-зерттеуші Гүлмира Жұмалина 3 в сыныбына математика пәнінен «Санның квадраты» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Жұптық жұмыс жасалды. Оқушылар оқулықтан, қосымша материалдардан қызықты тапсырмалар орындады.

Айнұр Жангалиева 3 а сыныбына жаратылыстанудан «Тыныс алу мүшелері» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Жұптық жұмыс жасалды. Оқушылар сұраққа жауап беріп, Googol Класс планшетпен жұмыс жасады. Топпен  модел жасауды үйренді.

Бисенгалиева Сания 2 д сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сөйлем дегеніміз не?» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Топпен  жұмыс жасалды. «Bookcrossing» әдісімен жылжымалы сөреден әр топ кітап таңдап алып, ішінен диологты таңдап алып жазды немесе сурет арқылы топта қорғады. Жеке жұмыс жасалды.

Жәрдемгазиева Г, Сағынғалиқызы Б 2 сыныптар арасында «Болашаққа біліммен» атты интелектуалды ойын  өтті.

1 сыныптар арасында  «Ми талас» және «Көңілді мәре» спорттық жарыс өтті.

М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай  4 сыныптар арасында өлеңдерін мәнерлеп оқудан  сайыс ұйымдастырылып өтті. Қатысқан оқушылар марапатталды.

Бастауыш  сыныптар арасында  «Шуағын шашқан күз» көрмесі, қол өнер  ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар марапатталды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына сурет көрмесі ұйымдастырылып қатысқан оқушылар марапатталды.

3 сыныптар арасында «Алтын қалам» ең үздік дәптер көрмесі

Р.Акбердиева «Оқу мақсаттарына сәйкес әдіс-тәсілдерді таңдау» тақырыбыда коучинг ұйымдастырды. Коучинг керемет әсерде өтті. Мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдерді қанжығаларына байлады.

Апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын. Елдің аманатын арқалаушы өскелең ұрпақты, қазіргі таңнан бастап көшбасшылыққа бейімдеп,біліммен қаруландыруға талап қылып жатқан ұстаздардың еңбегі зор деп білеміз.

Бірлестік жетекшісі Л.Қазиева