01 Ақп 2022
Жаңалықтар

«Сабақта кездесетін қиындықтар және одан сіздің шығар жолыңыз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

2022 жылдың 14 қаңтар күні жас мамандар жетекшісі Г. Жардемгазиеваның ұйымдастыруымен жас мамандар мен тәлімгерлер арасында «Сабақта кездесетін қиындықтар және одан сіздің шығар жолыңыз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел кезінде психологтармен бірлесе отырып, тест-тренингтер мен ситуациялық тапсырмалар орындалды. Әр тапсырмаға жас мамандар қызыға қатысып, тәлімгерлермен еркін пікір алмасты. Өздеріне берілген ситуациялық тапсырмаларды орындауда сабақта кездескен қиындықтармен байланыстыра отырып, ойларын ашық жеткізе білді. Тәлімгерлер тарапынан еңбек жолдарынан мысалдар келтіре отырып, жастарға  ақыл-кеңестер берілді.