10 Нау 2022
Жаңалықтар

Хабарлама

Хабарлама

№26 С.Датов атындағы мектепте 2022 жылдың  ақпан  айының  23 күні бастауыш    сыныптарда   «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін және ақпараттық технология арқылы дамыту» семинары  болып өтті.

Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын   азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Осы бағытты жүзеге асыруда «бастауыш» сыныптардың алар орны ерекше деп білеміз. Білім мен дағдының іргетасы қаланар кезеңі де осы бастауыш сыныптарында еді.

Мақсаты:
•Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу;

•Оқушылардыбір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;

• Білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту;

• Тәуелсіздік жетістіктерін білу;

Педагог – зерттеуші Ескалиева Г 4 «В» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Жұптық жұмыс жасалды. Оқушылар оқулықтан, қосымша материалдардан қызықты тапсырмалар орындады.

Педагог-модератор Қазиева Л  4 «а»    сыныбына Әдебиеттік оқу  пәнінен « Қазақстан көлдері»    тақырыбында ашық сабақ өткізілді.   Оқушылар топтық жұмыс жасады. Веен диограммасы арқылы өлеңдерді салыстырды.Еркін микрофон әдісі арқылы кері байланыс берді.                                                                                                                                                                                                                         

Педагог-сарапшы  Костурлина Д   1 «г»  сыныбына  Ана тілі пәнінен «Тасымал» тақырыбында ашық сабақ өткізді.    Оқушылар сөзжұмбақтар шешті.Суреттегі жануарларды атап, олардың төлдерін ажыратты.Оқушылар өлеңдерді оқып, сөздері тасымалдап жазды. «Сиқырлы  қоржын» әдісі арқылы  тасымалданбайтын сөздерді   анықтады.                                                                                           

Педагог-шебер Насирова А  «Критериалды бағалау сапалы білім негізі» тақырыбында    коучинг өткізді.   Әке, ана, достар туралы топтарға бөліп, әр топ өздері туралы әуендерін айтты. Топтық жұмыстар жасалды. Критериалды бағалау сапалы білім негізі екенін түсіндірді. Суреттер арқылы сұрақтарға жауаптар алынды.

Педагог – зерттеуші   Имашева  А    2  «б»  сыныбына математика пәніне «Өзіңді тексер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.   Оқушылар таблицаны жатқа айтып отыр.  «Шапалақ» әдісі арқылы  сұрақтарға жауап алынды. 

Педагог-сарапшы  Жардемгазиева Г  2 «в» сыныбына    қақзақ тілі  пәнінен  «Зат есім»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Podlet  тақтасы  QR-код әдісі арқылы жұмыс жасалды.  LaikDIZLaik   әдісі арқылы кері байланыс алынды.

Педагог-сарапшы Утегенова Г   3 «д» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Күн мен түн қалай ауысады?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Plickers.com әдісі арқылы жұмыс жасалды. Flippity  әдісі арқылы сұрақтарға жауап алынды.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын. Елдің аманатын арқалаушы өскелең ұрпақты, қазіргі таңнан бастап көшбасшылыққа бейімдеп,біліммен қаруландыруға талап қылып жатқан ұстаздардың еңбегі зор деп білеміз.