29 Нау 2022
Жаңалықтар

Хабарлама

Ақпан айының 28-ші жұлдызы мен наурыз айының 4-і аралығында «Химия,биология,география» пәндері бірлестігінде «Жаратылыс сыры- ғылымда» атты пән апталығы болып өтті.

Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,күнделікті өмірде қолдана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты сүю және оны қорғауға тәрбиелеу.

Бұл апталық жалпы мектебіміздегі оқушылардың шығармашылық жұмыстарына арналды.Бірлестіктің педагог-зерттеуші химия және биология пәндерінің  мұғалімдері Джумагалиева Алмагүл мен  Жолдыгалиева Айгүл,педагог-модератор гкография пәнінің мұғалімдері Сисенова Маут пен Айдаралиева Айжамал және жас маман Есжанова Зәмзәм «Гүлдер әлемі» атты әртүрлі гүлдерден көрме ұйымдастырып,ол гүлдердің тарихымен  10-шы сынып оқушылары таныстырды.Апталығымыздың әрі қарай «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір» атты көрме, «Әлемді шарла» географиялық картамен жұмыс, «Тапқыр биолог» биологиялық сайыс, «Тынығу бұрышы» ұстаздарға арналған әртүрлі тынықтыру шаралары, «Тәжірибе-таным көзі» химиядан қызықты тәжірибелер алаңы, «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» 11 сынып оқушыларының әртүрлі мамандық иелерімен кездесуі сияқты көптеген шаралармен жалғасты.Апта соңында апталығымыздың жабылуы болып,белсенділік танытқан оқушыларымыз  марапатталды.

Бірлестік жетекшісі:                        А.Джумагалиева