30 Нау 2022
Жаңалықтар

Хабарлама

 Хабарлама

    2022 жылғы 2 ақпан күні №26 С.Датов атындағы орта мектептің «Тарих, құқық және дінтану» пәндері бірлестігінің»   «Тарих, қоғам, құқық пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану» атты семинар өткізілді. Семинарға тарих, құқық пәндерінің ұстаздары ат салысты. Бүгінгі семинарда өз сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Онлайн бағытында отырған оқушыларымызға ZOOM арқылы сабақтар өтікзіліп, кері байланыс жасалды. Педагог зерттеуші Жанаргуль Жалгасовна 11 а сыныпқа «ХІХ ғ-ғы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары» атты сабақ өткізді. Педагог модератор Жадыра Аманкелдиевна «Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуы» 6 д сыныбына, Педагог сарапшы Дәмелі Маратқызы «Шырақтың ерлігі» 5 д сыныбына өз шеберліктерін көрсетіп сабақ өткізді. Ал, құқық пәнінің мұғалімі педагог модератор Гүлнұр Серікқызының «Жеке мүліктік емес құқықтар» 10 а сыныбына өз сабақтарын өткізіп, семинар жұмысындағы бағыттарын көрсете білді. Оқушыларымыздың бүгінгі семинарда көрсете білген құндылықтарын әрі қарай өз қоржындарына толтыруды мақсат етеміз! Оқушыларымыздың биік шыңдарға жетуіне тілектеспіз.

Бірлестік жетекшісі:          Курманиязова Ж