№26 С.Датов атындағы орта мектебі
13 сәуір, 2022 жыл
«Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбында өткен аймақтық тәжірибе алмасу семинарының есебі.
Сәуір айының 13-і күні №26 С.Датов атындағы орта мектебінде «Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбында аймақтық тәжірибе алмасу семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты:
- Білім беру үдерісінде жан-жақты жетілген уақыт талабына сай цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға бағытталған жұмысты ұйымдастыру.
Міндеттері :
- цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдануды, кері байланысты жүргізуде, тәжірибеде көрсету;
- аймақ мектептерінің пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже : Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі
Семинарға мектептегі пән бірлестіктері бойынша 15 мұғалім қатысты.
Семинарды мектеп директоры Ж.Урымбасарова ашып, келген қонақтарға қош келдіңіздер деп, семинардың мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы айтып өтті.
Мектеп психологы,педагог-сарапшы Хайдарова Меруерт «Мен және менің ортам» атты психологиялық тренингпен бастады. Яғни баяу музыка ойнап тұрғанда жағымды атмосфера, көңіл –күй қалыптастыру арқылы, бір-біріне жақсы тілектер айтылып, топтық жұмыспен жалғасын тапты.
Тарих пәнінің мұғалімі,педагог -сарапшыМаратова Дәмелі 9 «в» сыныбында «Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті?» атты ашық сабағын өткізді. Сыныпты топқа бөлу арқылы, үй тапсырмасын «ВИКТОРИНА» әдісі арқылы қорытындылап, жаңа сабақты «Терроризм тұзағы» бейне ролик арқылы ашты. Сабағында «WORDWALL», «quizizz.com»қосымшасын қолданып, жеке, топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Топтық жұмыс «Ең үздік жауапқа лайк» әдісімен бағаланды. Қалыптастырушы бағалау мен дескрипторларға жеке тоқталып, оқушыларды бағалауда онлайн түрде және әр оқушының жауабына кері байланыс жасалып отырды, кері байланыста сонымен бірге «СЛУЧАЙНОЕ КОЛЕСО» қосымшасын қолданды. Сабақ қорытындылауы Quizizz.com бағдарламасы арқылы жүзеге асты. «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс алынды.
Бастауыш сынып мұғалімі педагог-модератор Қазиева Лида 4-сыныпта жаратылстану пәнінен «Ғарышта не бар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты FLIPPITI әдісімен бастап, жаңа сабақты бейнебаян арқылы бастады, жеке жұмыста PLIKKERS әдісін қолданып, тапсырмалар орындатты, жұмысты бағалауда дескриптор арқылы өзін өзі бағалауды қолданды. «Қол шамы» әдісімен сөздерді оқытып, дайын парақшаларда кері байланыс орнатылды.
Одан әрі семинар жұмысы химия пәнінен 10 «б» сыныбындағы зерттеу сабағымен /Lesson study/ жалғасын тапты.
Химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Джумагалиева Алмагүл 10 «б» сыныбында «Алкадиендер» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Алдын ала бұл сыныпқа сабақ беретін ұстаздармен кеңесе отырып, зерттеу сұрағы таңдалды. Зерттеу тобы мүшелерінің қатысымен сабақтың қысқа мерзімді жоспары алдын ала құрылып, бекітілді. Зерттеу сұрағы:
Бұл сабақ «төңкерілген сынып» технологиясы арқылы оқушылардың өзбетімен оқуын басқаруын жетілдіру мақсатында жоспарланды. Сабақ беруші мұғалім сабақты «Көңіл күй шаттығы» психологиялық тренингпен бастап, сынып оқушыларын төрт топқа бөлді. Алдыңғы білімді еске түсіру барысында «Ой қозғау» әдісі арқылы WORDWALL қосымшасымен «Барабанды айналдыр» ойыны арқылы іске асырылды. BILIMLAND платформасынан тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, тақырып бекіту мақсатында топтық жұмыс тапсырмалары WORDWALL интерактивті тапсырма құру сервисімен «Картаны аш» ойыны арқылы жүзеге асып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырды. Бағалау «Гүлге қонған көбелек» және топтардың «өзара бағалауы» сонымен бірге жеке жұмыста «өзін-өзі бағалау» арқылы жүзеге асты. Оқу мақсатына сай оқушыларға «PIZA-22» халықаралық зерттеу тапсырмалары ұсынылды. Сабақ соңында «Еркін микрофон» әдісі арқылы кері байланыс алынды. Топтық жұмыста оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, көмектесулері, кейбір дараланып жекеленіп қалатын оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынасы көрінді.
Сабақ соңында сабақтағы іс-әрекетті бақылаушылар өз жұмыстарын, бақылау қорытындыларын ортаға салып, талдау жүргізілді. Келесі зерттеу сабағына ұсыныстар берілді.
Әрі қарай математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Тажиева Маншук пен информатика пәні мұғалімі , педагог сарапшы Биханова Жанаттың ұйымдастыруымен «Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында шебер сынып өтті. Бұл сабақта әр түрлі жаңа платформаларға түсінік бере отырып, барлық семинарға қатысушы мұғалімдермен бірлесе отырып, жұмыс жасалды. TRIVENTY, LEARNINGAPPS.ORG, LIVEWORKSHEETS сияқты қосымшаларда жұмыс істеу барысы көрсетілді. Мысалы TRIVENTY-бұл қашықтықта өткізуге мүмкіндік берсе, ал LEARNINGAPPS.ORG қосымшасы бұл- интерактивті тапсырмалар құрастыру, дайын шаблондарды қолданып, интерактивті жаттығулар жасай алаатыны туралы мәлімет беріліп, осы қосымшалар арқылы жұмыс жасалынды.
Семинар соңы мектеп директоры, педагог-шебер Ж.Урымбасарованың басшылығымен «Дөңгелек үстел» басында жалғасты. Қойылған сұрақтарға семинарға қатысушылар ортада қызу пікірталас жүргізді. Ойларында түсінбей жүрген сұрақтарын қойып, ой бөлісті.
Өтілген іс-шаралар, ашық сабақтар мазмұны, мақсаты жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар ашық сабақтар мен шебер сынып негізінде цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану-бұл білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін тигізер пайдасының мол екендігін тәжірибе барысында алмасты. Семинарда көрсетілген жұмыстар деңгейі жоғары деп бағаланды және «Еркін микрофон» әдісі бойынша кері байланыс жасалды.