13 Қаз 2022
Жаңалықтар

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталық қорытындысы

5-9- қыркүйек аралығында А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Тілдер күні мерекесіне орай апталық өткізілді. Апталықтың алдын - ала жоспары жасалып, бекітілді. Тәрбиелік шаралар, әдеби кештер, танымдық сабақтар, байқаулар, ғылыми конференция ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес барлық іс - шаралар өз мәнінде өтті. Апталық «Ахмет-дәуір көшбасшысы, ұлттың рухани көсемі» атты тақырыптық жиынмен ашылды.  Бірлестік жетекшісі Нурмуханова Г. апталық жиында А.Байтұрсынұлының өміріне, ақындығына, қызметіне тоқталып өтті. 5-11-сынып оқушылары жиында өлең оқыды. Өмірінен деректер видеомен көрсетілді.

Апталық шараларына мектебіміздің 5-11-сынып оқушылары қатысты. 6-қыркүйек күні 6-сыныптарда саз пәні мұғалімі Жұмашев А. «Салт-дәстүр сөйлейді» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді. Шарада танымдық ойындар, білім сайысы болды. Қазақ әнші, күйшілерінің шығармаларынан сұрақтар қойылды.

7-қыркүйек күні Саликова Г. ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Ұлт руханиятынының көшбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде оқушылар А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, тіл туралы айтқан өзекті ойларын ортаға салды. Пән мұғалімдері де өз ойларын, А.Байтұрсынұлының еңбектерінің маңызына тоқталды.

8 - қыркүйекте  9 - сыныптың оқушыларының қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кешті Абулхайрова М. жоғары деңгейде ұйымдастырды.  Сынып оқушылары  ұлы тұлғаның өмірінен мәліметтер айтты. 9 - сынып ұлдары Ахмет бабамыздың өлеңдерін нақышына келтіре оқып көрерменді тәнті етті. 5 - сынып оқушылары да осы шарада шағын қойылыммен  өнер көрсетті. Сонымен қатар 9-сынып оқушылары ән  шырқады. Әдеби кеш өте мазмұнды да мағыналы болды.

Сонымен қатар 5г- сыныбында Иманчиева Л. «Қазақ тілім-мақтанышым» тақырыбында  жас тілшілер байқауын өткізді. Танымдық сабақта оқушылар мақал-мәтелдер, жаңылтпашты айтудан сайысқа түсті. Оқушылар арасында өлеңді жатқа айту барысында шебер орындағандар да болды.

Нурмуханова Г. ұстаздар мен 10 - сынып оқушыларының арасында «Ұлттық рухтың ұлы тіні» жас Ахметтанушылар ғылыми-конференциясын  өткізді.  Ғылыми –конференциясыда қазақ тілі пәні мұғалімі  Г. Нурмуханова «Ахметтің ақындығы және Қазақ жазуы» және орыс тілі мұғалімі К. Улжабаева. «Қазақ халқының рухани көсемі  Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолуды орыс тілінде жасады. Сонымен қатар  9 г - сынып оқушысы С. Вознюк орыс тілінде  А. Байтұрсынұлының өмірі, қызметі туралы мәлімет берді. 10 а, б - сынып оқушылары «Алаштың Ахметі» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Оқушылар «Маса» жинағы мен «Әдебиеттанытқыш» еңбегі туралы тың деректер айтты.

Мектебіміздің  кітапханашысы Қ. Аккулова  «Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұралар» тақырыбында таныстырылым көрсетті.  Ғылыми-конференция соңында қазақ тілі мамандары ой бөлісті. Шара соңында ұлы тұлғаның шығармашылық жолы мен еңбектері кейінгі ұрпаққа өнеге болу тиіс деген сөздермен қорытындыланды.

6-сыныптарда  Кайсагалиева Г. «Ел-бүгіншіл, Менікі ертеңгі үшін..»  тақырыбында танымдық сабағын өткізді.  Сабақта сынып оқушылары Ахмет өмірінен, мысал өлеңдерінен сахналық көріністер қойды.  Үш бидің, Бес арыстардың өмірінен, «Алтын балық» мысалынан көрініс көрсетілді. Оқушылар өлең оқыды және де ұстаздарының танымдық сауалдарына жауап берді. 

Апталық соңында Э. Шурентаева 11 а -сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт көсемі»  тақырыбында әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды. Кеште оқушылар А. Байтұрсынұлының өмірінен таныстырылымдар жасады. Ақынның өлеңдері оқылып, өмірінің соңғы сәттерінен сахналық қойылымдар қойылды. Шара соңында оқушылар ұстаздарына ақжарма тілектерін арнады.

Апталық соңында 7-11-сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізіліп, оқушылар қабырға газеттерін дайындап, дәліз бойына ілді.

Мектептің дәлізіне А. Байтұрсынұлының өмірінен, «Әліпбиі», «Әдебиеттанытқышы», жарының, еңбектерінің түрлі түсті суреттері, нақыл сөздері ілінді. Апталық соңында бірлестік жетекшісі Нурмуханова Г.У. белсенділік танытқан сыныптарды  марапаттады.