10 Қар 2022
Жаңалықтар

№26 С.Датов атындағы орта мектебінде 2 қараша  2022 жылы «Бүгінгі  жас маман- ертеңгі шебер  ұстаз» тақырыбында пікірталас өтті

Пікірталасқа мектебіміздің жас мамандары қатысты.

Мақсаты: Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету.Әдестемелік көмек, қолдау көрсету.

Міндеттері:

Жас оқытушылардың үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарын көрсету, қиындықтардан өтуіне көмек беру. Шығармашылық ізденіске баулу.

Жас мамандар жетекшісі Биханова Ж С мектеп психологі  Иманчиева Г бірлесе отырып, тест, ситуациялық тапсырмалар орындады. Әр тапсырмаға жас мамандар қызыға қатысып, өз пікірлерін ашық жеткізді және де бір-бірлерімен еркін пікір алмасты. Өздеріне берілген  ситуациялық тапсырмаларды орындауда сабақта кездескен қиындықтармен байланыстыра отырып, ойларын ашық жеткізе білді. Жетекші тарапынан еңбек жолдарынан мысалдар келтіре отырып, жас мамандарға ақыл – кеңестер берілді.

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты – шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай-ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу.

Пікірталас соңында жас мамандар кері байланыс жасалып, алған әсерлері мен әдістемелік көмектің қажеттілігі туралы айтып өтті.

Қорыта  айтқанда, «Ұстаз білімді болса, пән қадірлі», оқу процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушыларды өздігінен білім алуға үйретуге байланысты.

Жас мамандар жетекшісі:               Биханова Ж С