20 Желт 2022
Жаңалықтар

"Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында семинар болып өтті

2022 жылы қараша айының 28-де химия, биология, география пәндері бірлестігінде "Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында семинар болып өтті. Мақсаты: оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру және болашақ кәсіби қызметіне бейімдеу. Семинарға бірлестіктегі мұғалімдер толықтай қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-зерттеуші биология пәні мұғалімі Жолдыгалиева Айгүлдің 8 д сыныбында "Иммунитет түрлері" тақырыбында өткізген Lesson study"зерттеу сабағы ерекше болды. Педагог-модератор Шәкір Айымгүл "Ұстаздан лайфках" тақырыбында ұстаздар арасында сабақты қызықты өткізу тәсілдерінен тәжірибе алмасты. Химия пәні мұғалімі Сулейменова Гульзада да сабақтарына жаңашылдық енгізе отырып, 7 г сыныбында "Ауа және оның құрамы" тақырыбында өткізген ашық сабағын өз дәрежесінде алып шықты.

Бірлестік жетекшісі:                    А С Джумагалиева