Тарих және құқық, жаһандық құзіреттілік пәндері бірлестігінің
12-15.12 2022 ж «Ұлт тарихын зерделеу-ұлылық, ұрпаққа қалған аманат» атты апталықтың хабарламасы
Тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Акшабаева Манер, 5 сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік» атты білімділер сайысын 13 желтоқсанда өткізді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Слайд, бағалау парағы, марапаттау қағаздары.
Сайыстың түрі: танымдық сайыс.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/14534-tarikh-zh-ne-y-zha-andy-zirettilik-p-nderi-birlestigini.html#sigFreeId048c4eddc1
12-15 желтоқсан аралығында өткен Тарих, құқық, жаһандық құзыреттілік пәндері апталығына орай Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл аясында 9д сыныбының өткізген, педагог-модератор Иманшиева Г.С «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тәрбиелік шараның есебі.
Шараның негізгі мақсаты : оқушыларға Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы сәлімет беру.
Шараның негізгі бағыты: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.
Оқушылар тұлғамыз туралы барлық деректермен танысты,өмірін, отбасылық жағдайын, еңбек жолдарын толық меңгерді. Көз көрген замандастарының Дінмұхамет Қонаев туралы естеліктерін оқып , өлеңдерін жатқа айтты.
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/14534-tarikh-zh-ne-y-zha-andy-zirettilik-p-nderi-birlestigini.html#sigFreeId13560efdc4
Шара соңында балалармен кері байланыс орнату мақсатында сұрақтар қойылды . Оқушылар сұрақтарға жауап беріп , көп мәлімет алғандарын айтты.
12-15 желтоқсан аралығында өткен Тарих, құқық, жаһандық құзыреттілік пәндері апталығына 15 желтоқсан күні 10 а,б сыныптардың арасында педагог-зерттеуші Курманиязова Ж.Ж дебат алаңында «Бала құқығы» атты ойын ұйымдастырды. Бұл ойынға оқушылар жан-жақты дайындалып келіп, ұшқыр ойларын ортаға салды. Дебатқа қатысушылар өз ойларын ортаға салып, кеңінен талқылады.
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/14534-tarikh-zh-ne-y-zha-andy-zirettilik-p-nderi-birlestigini.html#sigFreeId6e2a705f6b
Тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Ибрашева Ж.А 7 сынып оқушылары арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты отбасылық сайысын 14 желтоқсанда өткізді.
Сайысқа 3 отбасы қатысып, бақ сынасты. Отбасылық сайысқа түскен оқушылар бақ сынасып, кезең-кезеңімен жарысты. Сайыс соңында арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Сайыс тартымды өтті.
https://datova26.edu.kz/janalyq-mektep-26/14534-tarikh-zh-ne-y-zha-andy-zirettilik-p-nderi-birlestigini.html#sigFreeId0fc3cd0261
Бірлестік жетекшісі Ж.Құрманиязова