№26 С.Датов атындағы орта мектепте 28 қараша күні «Жаңаша оқытуға- жаңаша көзқарас» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру және тілдің үштұғырлығын жүзеге асыру мақсатында педагогикалық тәжірибені жетілдіру, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер тәжірибе алмасады, ой бөліседі.
Семинар барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау-оқушы білімін нақты бағалау» тақырыбындағы Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлескен семинарда және 4 қазанда өткен «Жаңашыл білімге-жаңашыл мұғалім» тақырыбындағы облыстық форумда сабақ берген математика пән мұғалімі Тажиева Маншук пен дене тәрбиесі пән мұғалімі Ашиков Роман өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Team-teacher» әдісімен математика пәнінен тәжірибелі пән мұғалімі Тажиева Маншук пен жас маман Жасмағанбетова Фарузамен 5-сыныпқа «Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу және азайту» тақырыбында бірлескен сабақ өткізсе, биология пәнінен жаратылыстану бағытында ағылшын тілінде 9 ай курстан өткен Жолдығалиева Айгүл мен Джумагалиева Алмагүл 8-сыныпқа «Қан топтары» тақырыбында, дене тәрбиесі пәнінен Ашиков Роман мен Салменов Берік 6-сыныпқа «Топтық жиынтық» тақырыбында бірлескен сабақтар өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері Жұмалина Гүлмира 4-сыныпқа «Есепті теңдеу құру арқылы шығару», Құрасова Гүлшат 2-сыныпқа «Лепті сөйлем», Имашова Алмагүл 2-сыныпқа «Қартқожаның туған жері» тақырыбында ашық сабақтар берді.
Семинар өз мақсатына жетті. Пән мұғалімдері белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына қол жеткізді.